Тәжік балалары ауған тұтқынынан босап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжік балалары ауған тұтқынынан босап шықты

Тәжік балалары ауған тұтқынынан босап шықты

Душанбе. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) мен МҰҚК Бас шекара басқармасының қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде Ауғанстанның есірткі саудалаушыларының тұтқынынан шекаралас Шуроабад ауданының кәмелеттік жасқа толмаған екі тұрғыны босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Маусым 2008
  • 374
Фото - Caravan.kz

МҰҚК Қоғаммен байланыс орталығының жетекшісі Нозирджон Буриев хабарлағандай, 12 және 16 жастағы екі жасөспірім биылғы жылдың 4 сәуірінен бері Ауғанстанда тұтқында болған.

«Біз балалардың «Соқыр» және «Қызыл» деген лақап аттары бар есірткі саудагерлерінің тұтқынында болғанын анықтадық. Олар өздерінің есірткі саудалаушы ағайларының — Тәжікстан азаматтарының арқасында кепілге алынған. Олар жоғарыда аталған ауған саудагерлерінен ірі көлемде есірткі сатып алып, қарыздарын қайтармаған», — деді Н. Буриев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті