Парламент палаталарының бірлескен отырысы 24 маусымға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 24 маусымға белгіленді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 24 маусымға белгіленді

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін". Парламент палаталарының бірлескен отырысы 24-маусымға белгіленді. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы қол қойды.

  • 12 Маусым 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2008-жылдың 24-маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын»,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Агенттік тілшісіне парламенттегі ақпарат көзінің хабарлауынша, бірлескен отырыста 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебі қаралады.

Конституцияға сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітіледі, ал есепті бекітпеу парламенттің үкіметке сенімсіздік танытуын білдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті