Қырғызстанның СІМ Өзбекстан шекарасында болған оқиғаға аса алаңдаушылық білдіріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның СІМ Өзбекстан шекарасында болған оқиғаға аса алаңдаушылық білдіріп отыр

Қырғызстанның СІМ Өзбекстан шекарасында болған оқиғаға аса алаңдаушылық білдіріп отыр

Бішкек. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 10 маусымда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне осы елдегі Өзбекстан Республикасының елшісі Зиятулла Пулатходжаев шақырылды, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметі.

  • 12 Маусым 2008
  • 367
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқарбек Бешімовпен кездесу барысында қырғыз жағы 6 маусымда Өзбекстанның Наманған облысының аумағынан жолшыбай өтіп бара жатқан Қырғызстанның ішкі істер органының 2 қызметкерін тұтқындау оқиғасына аса алаңдап отырғандарын хабарлады. Өзбекстан елшісі ақпаратпен жылдам алмасу және туындаған оқиғаны шешу қажеттігімен келісті. Әлі де қырғыз азаматтарын тұтқындау себептері мен қандай жағдайда ұстап отырғандары жайлы ақпарат жоқ. Оның алдында Қырғызстанның СІМ көршілес мемлекетке ресми нота жіберген. Оған да жауап ала алмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті