Қазақстан парламентінің мәжілісі мен АҚШ Конгрессі парламентаралық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламентінің мәжілісі мен АҚШ Конгрессі парламентаралық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырады

Қазақстан парламентінің мәжілісі мен АҚШ Конгрессі парламентаралық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырады

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентінің мәжілісі мен АҚШ Конгрессі парламентаралық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыруға кіріседі. Аталған бағытта атқарылатын істер туралы бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей арасында өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Маусым 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, АҚШ Конгрессі қаржыландыратын бағдарлама шеңберінде үстіміздегі жылы қазан айында екі палата арасындағы жұмыс тобы өзара пікір алмасады. Қазақстан парламентшілерінің күздегі Америкаға баратын жұмыс сапары АҚШ президентінің сайлауы науқанына тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан мәжіліс депутаттары АҚШ-тың сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен және дауыс беру тәсілдерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Палата төрағасы Аслан Мусин қарқынды дамып келе жатқан екі ел арасындағы байланысқа мәжілісте ерекше мән берілетінін айтты. 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі шешім қабылданарда АҚШ тарапынан қолдау жасалғаны үшін ризашылығын білдірді. Осы маусым айының соңында Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының сессиясы жаңа қатынастарға жол ашатынын мәлімдеді. Бұл басқосуға АҚШ-тан үлкен делегация келмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті