Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Маусым 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қарасай ауданында Алматы — Бішкек тас жолында 12 маусым сағат 12.00-де «Фиат» және «Мерседес» көліктері соқтығысты.

Жол апаты салдарынан «Фиат» көлігінде отырған 9 жасар қыз оқыс оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен «Фиат» көлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті