Астанада мерейтой кезінде құқық қорғау органдарының 4 мың қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мерейтой кезінде құқық қорғау органдарының 4 мың қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек

Астанада мерейтой кезінде құқық қорғау органдарының 4 мың қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 28 маусым мен 3 шілде аралығында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 17-сессиясы мен Елорданың 10 жылдығын мерекелеу кезінде құқық қорғау органдарының 4 мың қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Бұл туралы ІІМ жиналыста вице-министр Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 13 Маусым 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сүйенсек, министрлік ұйымдастыру-тәжірибелік шараларының жоспарын жасаған. Ішкі істер органдарының күшімен және қаражатымен дайындық, басқару және үйлестіру жөніндегі арнайы штаб құрылған.

А. Шпекбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция мен ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің 4 мың қызметкері, оның ішінде, ІІМ Қарағанды заң институтының, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ІІД қызметкерлері қатысатынын атап көрсетті.

Мерекелік шаралардың қарсаңында Астанада «Қоғамдық тәртіп» оперативтік-профилактикалық шараны өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті