Республиканың мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, шағын бизнес барлық салалық және ұйымдастыру-құқықтық бағыттар бойынша жанданып келеді. Атап айтқанда, оның құрылыстағы үлесі 47,0%-дан 54,2%-ға дейін, саудада — 45,1%-дан 45,6%-ға, өнеркәсіпте — 9,5%-дан 11,6%ға ұлғайған.
Ауыл шаруашылығында 95,9%-дан 96,4%-ға өсу арқылы шағын бизнес өзінің ең жоғарғы өсіміне қол жеткізген. Мұның барлығы маусымдық фактордың арқасында жыл аяғына қарай шағын бизнестің ЖІӨ үлесі айтарлықтай артуы керектігін көрсетеді.
Өзбекстанның ЖІӨ құрылымында мемлекеттік емес сектордың үлесі 73,6%, ал мемлекеттікі — 26,4%. Ал жалпы тіркелген кәсіпорындардың санындағы мемлекеттік емес сектордың үлесі 93,1%, оның ішінде шаруа және диқан шаруашылықтарының үлесі — 60,5%, ал жеке кәсіпорындардікі — 22,6%. Республикада заңды тұлға ретінде барлығы 476,7 мың кәсіпорын тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті