Финляндия Маңғыстау облысымен ынтымақтастықтан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндия Маңғыстау облысымен ынтымақтастықтан мүдделі

Финляндия Маңғыстау облысымен ынтымақтастықтан мүдделі

Ақтау. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Финляндия Маңғыстау облысымен ынтымақтастықтан мүдделі. Бұл туралы Финляндия Республикасының Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мария-Лииза Килунен Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Маусым 2008
  • 404
Фото - Caravan.kz

Финляндия делегациясының құрамында логистика, автоматты технологиялар, оффшордағы жобалармен шұғылданатын инжинирингтік қызметтер көрсететін бизнес-құрылымдардың өкілдері бар.

М.-Л. Килуненнің айтуынша, фин компаниялары Маңғыстау облысына инвестиця салып, жоғары технологиялы өндірістер құруға жәрдемдесуге және өз ноу-хауларымен бөлісуге дайын.

Қазір Қазақстанда 30 астам фин компаниялары жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті