Баспасөз орталығының хабарлауынша, қала тұрғындары тергеу жүргізу, жол және криминалдық полиция, арыздарды тіркеу, полицияны кадрлық қамтамасыз ету проблемаларына қатысты мәселелермен қабылдауға келген.
«Айтылған мәселелердің айтарлықтай бөлігі нақты қылмыстық істерді түлкібұлаңға салып, объективті емес тұрғыдан тергеу жүргізу, полиция қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері, сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру мәселелеріне қатысты», — деп хабарлады ІІМ баспасөз орталығы.
Әрбір арыз бойынша Б. Мұхамеджанов тиісті мәселенің жылдам және объективті тұрғыдан шешілуіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүделерінің қорғалу деңгейін жоғарылатуға, заңдылықтың сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған нақты тапсырмалар берді.
«Бұл тәжірибе бұдан былай да қазақстандықтардың ішкі істер органдарының қызметіне қатысты проблемаларын шешу үшін, сондай-ақ, полицияның өңірлердегі жұмысына объективті тұрғыдан баға беру үшін пайдаланыла беретін болады», — деді Б. Мұхамеджанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті