Конференция Еуропалық Одақтың қаржылай қолдау көрсетуімен «Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі іске асырған жобаның қорытындысын талқылауға арналды.
Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығының директоры Эльмира Фризоргердің айтуынша, 25 айға созылған тәуекел тобындағы балаларды қорғау жобасы 2006 жылдың шілде айында басталып, биылғы жылдың наурыз айында аяқталған. Жоба Алматы қаласы мен оның төңірегінде тұратын балаларға кедейшілік, үйдегі зорлық-зомбылық және ата-ана қамқорлығының болмауымен байланысты қиын проблемалардан өтуге көмектесуге бағытталған.
Оның айтуынша, жоба аясында 66 отбасымен жұмыс жүргізілген. «Олар жағдайлары нашар немесе балалары балалар мекемелерінде тұратын отбасылар. Сондықтан, жобаның мақсаты әрбір бала үшін жеке бағдарлама жасау болды», — деп түсіндірді Э. Фризоргер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті