Екі жол инспекторын өлтірді деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі жол инспекторын өлтірді деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Екі жол инспекторын өлтірді деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жұма күні Ақтөбе облыстық ІІД жол полициясы басқармасының екі қызметкерін өлтірді деп айыпталған 27 жастағы облыс тұрғынына қатысты үкім шығарылды. Оны қатаң тәртіптегі түзету колониясында 17 жылға қамау жөнінде үкім шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 342
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Серік Жолдыбайдың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 2 тармағының «а» және «б» тармақшаларында қарастырылған қылмысты (Азаматтың қызметтік іс-әрекет жасауына немесе кәсіби не қоғамдық міндетін атқаруына байланысты аталмыш азаматты немесе сондай-ақ, екі не одан көп тұлғаларды және оның жақын туыстарын өлтіру) жасауға толығымен айыпты деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті