«Облыстық бюджеттен шағын бизнесті қолдау үшін 150 млн теңге және тағы 100 млн теңге Арал өңірінің ауыл шаруашылық заттарын өндірушілерге бөлінді», деп атап көрсетті Т. Матаев. Оның айтуынша, жақында екінші деңгейлі банктердің жергілікті өкілдіктері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу жөнінде облыс әкімдігі, бағдарламаның әкімшілігі (кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы — агенттік ескертпесі) және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында несиелік келісімге қол қойылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті