Шымкентте колледж оқытушысы ЖОО дипломын сатпақшы болғаны үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте колледж оқытушысы ЖОО дипломын сатпақшы болғаны үшін сотталды

Шымкентте колледж оқытушысы ЖОО дипломын сатпақшы болғаны үшін сотталды

Шымкент. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте педогогикалық колледждің оқытушысы ЖОО дипломын сату және пара беру әрекетін жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 16 Маусым 2008
  • 538
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан педогогикалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Шымкент қаласының екі тұрғынына жоғарғы оқу орынының экономикалық факультетін бітіргені жайлы диплом сатып алуды ұсынған және әр дипломның ақысына 1500 және 1800 АҚШ долларын талап еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті