Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мұнай бағасының өсуі халықаралық қоғамдастықтың үлкен алаңдаушылығын тудыруда, өйткені ол біздің өміріміздің барлық қырларын қамтиды. Бірінші кезекте отынның қымбаттауы азық-түлік өнімдерінің бағасы мен әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Лондонда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның хабарлауынша, Сауд Арабиясының королі осы мәселе бойынша халықаралық кездесу өткізбекші, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті