Парламент нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандарттық үлгілерді алып өту жөніндегі заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандарттық үлгілерді алып өту жөніндегі заңды қабылдады

Парламент нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандарттық үлгілерді алып өту жөніндегі заңды қабылдады

Астана. 16-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялау және тексеру мақсатында алып өтуге арнаулы рұқсат алу, кедендік баж салығы мен салықтар төлеуден босату жөніндегі 1995 жылдың 10 ақпанындағы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заңлы қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 750
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Хаттаманың мақсаты метрологиялық жұмыстар кезіндегі техникалық кедергілерді жою, өлшемдер бірлігін және өлшем нәтижелері жөніндегі өзара сенімді қамтамасыз ету, ТМД елдерінде эталон базасының жобасын жасау, құру және жетілдіру.

Калибровка, салыстыра айыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында тасымалданатын тауарлар арнаулы рұқсат алудан, кедендік баж салығы мен салықтар төлеуден босатылады.

Хаттаманы ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы комиссия мақұлдаған, оның шешіміне ТМД-ға қатысушы 8 мемлекеттің басшысы 2007 жылдың 22 қарашасында Ахшабадта қол қойған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті