Оның айтуынша, биыл қалалық бюджеттен мектептерді күрделі жөндеуге 64 млн астам теңге бөлінді, бұл 2007 жылғыдан шамамен екі есе артық. «Биыл бірден 12 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Мұнда жылыту жүйесі мен сантехника толық ауыстырылып, өртке қарсы жүйе ретке келтіріледі. Көптеген мектептерде шатыр мен су құбыры кәріз жүйесі жөнделіп, жаңа жиҺаз сатып алынады», -деді Е. Солонцов.
Сонымен бірге, Семей өңірінің әрбір мектебі қалалық бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстарына деп әрқайсысы 300 — 500 мың теңгеден алған.
Қалалық білім беру бөлімінің ақпаратына сәйкес, бүгінде Семей өңірінде 80 мектеп бар, оның 30-ы ауылдық жерлерде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті