Жер заңнамасын бұзулардың шамамен тең жартысы жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға байланысты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер заңнамасын бұзулардың шамамен тең жартысы жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға байланысты

Жер заңнамасын бұзулардың шамамен тең жартысы жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға байланысты

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жер заңнамасын бұзулардың шамамен тең жартысы жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға немесе жерді заңсыз басып алуға байланысты. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағат" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Барлық меншік түрлеріндегі шаруашылық субьектілері жол берген 2007 жылғы заң бұзушылықтарды талдау нәтижесі көрсеткендей, осындай заң бұзушылықтардың 46% жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға немесе жерді заңсыз басып алуға байланысты. 20%-дан астамы — жерді тиімсіз пайдалануға немесе ауылшаруашылық мақсаттағы жерді пайдаланбауға, 17% — жер телімдерін мақсаттан тыс пайдалануға байланысты», — деп мәлімдеді Ө. Өзбеков.

Оның айтуынша, 2007 жылы елде жер заңнамасын ұстануға қатысты 8,2 мың тексеру жүргізілген, соның ішінде 3,4 мың заң бұзушылық оқиғалары анықталды. Тексерулер қорытындысы бойынша 879 азамат, 751 заңды тұлға, 1403 лауазым иесі мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Көп жағдайда жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан заң бұзылады. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер телімін беру жөніндегі өтінішті қарау мерзімін ұстанбауға, жеке баспана тұрғызуға жер телімін беру кезегін бұзуға байланысты»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті