Салалық агенттік жер заңнамасының талаптарын күшейте түспек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салалық агенттік жер заңнамасының талаптарын күшейте түспек ниетте

Салалық агенттік жер заңнамасының талаптарын күшейте түспек ниетте

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" -Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі жер заңнамасындағы жер телімдерін беруге қатысты нормалардың талаптарын күшейте түспекші. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағат" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді құрылыс мақсатында пайдалануға қатысты туындаған кері ахуал Жер кодексіне жерді пайдалану талаптарын қатайтуға бағытталған бірқатар жаңа өзгерістер енгізу қажеттігіне алып келді», — деп мәлімдеді Ө. Өзбеков.

Атап айтсақ, оның айтуынша, «жер телімінің мақсатын өзгертуге рұқсат тек оның құқықтық режимі мен тиісті зоналарға бөле пайдалануды аяқтауға байланысты ғана беріледі». Сонымен бірге, «ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімін сегменттерге бөлу мүмкіндігін жою үшін жер телімінің ең төменгі мөлшерін белгілеп, осындай учаскелерде ауылшаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ нысандарды, соның ішінде үй салуға тыйым салу көзделуде».

Сондай-ақ, Жер кодексіне «жер телімін тек аукцион немесе байқау негізінде беруді» қарастыратын жеке өзгеріс енгізу жоспарланған. Осы орайда » жеке баспана тұрғызуға жерді жеке меншікке беруде алыпсатарлыққа жол бермеу үшін жер телімі тек нысан пайдалануға берілгеннен кейін ғана иелікке өтеді».

Бұл өзгерістерді ағымдағы күзде парламенттің қарауына беру көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті