Өзбекстанда термиттерден мәдени ескерткіштер, жер үйлер, стратегиялық және өнеркәсіп нысандары зардап шегуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда термиттерден мәдени ескерткіштер, жер үйлер, стратегиялық және өнеркәсіп нысандары зардап шегуде

Өзбекстанда термиттерден мәдени ескерткіштер, жер үйлер, стратегиялық және өнеркәсіп нысандары зардап шегуде

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанда термиттерден мәдени ескерткіштер, жер үйлер, стратегиялық және өнеркәсіп нысандары зардап шегуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "CA-News" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Маусым 2008
  • 1192
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның Ғылым академиясының Зоология институтының мамандары үкіметке нысандардың зардап шегуі 25 пайыздан жоғары қалалар мен аудандарда термиттерге қарсы отрядтар және көрсеткіш одан төмен жерлерде ауданаралық отрядтар құруға ұсыныс білдірді.

Ал сол арада Өзбекстандағы «термиттер шабуылы» өте алаңдатарлық дәрежеге жетті. Тек Хиуа қаласындағы барлығы 57 тарихи-мәдени ескерткіштердің отызын қазіргі уақытта термиттер жайлап алған. Қарақалпақстанда термиттер мекендейтін жер көлемі 30 шаршы шақырымға ұлғайып, 780 шаршы шақырымға жеткен.

Ең қиын жағдай Нүкіс, Елікқала, Төрткөл, Беруни және Тахтакөпір қалаларында қалыптасып отыр. Тек қана Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында 2500 тұрғын үйді термит жайлап алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті