Хабарламада аталып өтілгендей, Республикалық қан орталығы шетел елшіліктерінің қызметкерлерін, БАҚ, жеке компаниялардың өкілдерін, қан донорларын, донорлық қозғалыстың белсенділері мен ұйымдастырушыларын қабылдады.
Қонақтар орталық жұмысымен танысып, заманауи құралдармен жабдықталған зертханаларды аралап, орталық қызметкерлерінің білікті ой-пікірлерін тыңдап, көптеген сауалдарына жауап алды. Сауд Арабиясы Корольдігінің, Алжир, Судан және басқа да мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері өз еріктерімен қан тапсырды.
Қазақстан Республикасында ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап донорлық 2,5 есеге дейін азайып кеткен. 2006 жылы донорлық көрсеткіші 1 мың тұрғын халыққа жылына 18 донацияны құраған. бұл Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ең төменгі көрсеткіштің 45 пайызын ғана құрайды екен. Салыстыру үшін айта кетсек, АҚШ-та бұл көрсеткіш 109,9, Данияда — 67.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті