Әлемдік банк президенті Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк президенті Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді

Әлемдік банк президенті Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік банк президенті Роберт Зеллик Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

«17-20 маусымда Әлемдік банк президенті тұңғыш сапармен Қазақстанға келеді. Сапар барысында ол ел басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған»,- деді ресми өкіл.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, «Қазақстан Әлемдік жүзі банк тобымен ынтымақтастықты сәтті дамытуда. 1992 жылдан бері банк Қазақстанға 2 млрд АҚШ доллары шамасында қаржы берген».

Әлемдік банк Қазақстан экономикасын модернизациялау ісінде, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, Қазақстанның үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдары үшін кіші-гірім гранттар бөлу бағдарламасын іске асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті