TDH ақпаратына сүйенсек, Түрікменстан президенті биылғы жылдың қыркүйек айының алғашқы жартысында Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында бірлескен Халықаралық мұнай-газ конференциясына дайындық және оны жүргізу бойынша жұмыс тобын құру жөнінде жарлық шығарған.
«Бұл қаулы Түрікменстан президентінің Әзербайжан Республикасына тарихи сапары барысында қабылданған шешімдерді орындау, сондай-ақ, Түрікменстан мен Әзербайжанның мұнай-газ кешендері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мақсатында шығарылған», — деп атап өтілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті