Түрікменстанда экспортталатын газ бағасының өсуі есебінен мемлекеттік бюджет түсімдері екі есе артады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстанда экспортталатын газ бағасының өсуі есебінен мемлекеттік бюджет түсімдері екі есе артады

Түрікменстанда экспортталатын газ бағасының өсуі есебінен мемлекеттік бюджет түсімдері екі есе артады

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстанда экспортталатын газ бағасының өсуі есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер көлемі екі есе артады. Бұл туралы Түрікменстанның қаржы министрі Аннамұхаммет Гочиев республика президентінің қатысуымен өткен министрлер кабинетінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Түрікменстанның мемлекеттік "Туркмен довлет хабарлары" (ТДХ) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Маусым 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

ТДХ ақпаратына сүйенсек, бюджетке түсетін түсімдер көлемінің өсімі экспортталатын табиғи газ бағасының артуы, ұлттық валютаның бірыңғай бағамын енгізу, сондай-ақ, жаңа өндірістік қуаттарды енгізу, өндіріс көлемін арттыру және өнім мен қызметті сату, ақша айналымының жылдамдауы есебінен қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті