Естеріңізге сала кетсек, 8 маусымда Астана уақытымен 9.00-де «ҚазСат-1» жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептеу жүйесінің істен шығуы салдарынан үзілген болатын.
Т. Мұсабаев атап көрсеткендей, 8 маусымда жер серігі Ақкөл қаласындағы «ҚазСат-1» ғарыш аппаратының ұшуын басқаратын Ұшуды басқару орталығының бұйрықтарын қабылдауды қойған.
«Болжам жөнінде айтар болсақ, ол мынадай: жер серігін қалыптасқан жағдайдан шығарудың көптеген әрекеттері ешқандай да нәтиже әкелмеді. Жер серігі Сколководағы да, Ақкөлдегі де басқару орталықтарының ешқандай кодты бұйрықтарын қабыл алмайды. Мұнда адамның қатысы жоқ», — деді ол.
Т. Мұсабаевтың айтуынша, егер жер серігін қайта жандырудың мүмкіндігі тумаса, ол жоғалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті