ҚР ТЖМ Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментіне алюкобондпен қапталған ғимараттардағы өрттерді сөндіру тактикасын дәйектеуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ТЖМ Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментіне алюкобондпен қапталған ғимараттардағы өрттерді сөндіру тактикасын дәйектеуді тапсырды

ҚР ТЖМ Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментіне алюкобондпен қапталған ғимараттардағы өрттерді сөндіру тактикасын дәйектеуді тапсырды

Астана. 17 маусым. Қазақстан Бүгін - ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментінің басшылығына алюкобондпен қапталған ғимараттардағы өрттерді сөндіру тактикасын дәйектеуді тапсырды. Ол бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының Елордасының 10 жылдық мерейтойына байланысты мерекелік шараларды өткізу барысында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне арналған кеңейтілген кеңес барысында осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Біз «Семь бочек» тұрғын үй кешенінде болған екі өрттен күрделі тұжырым жасауға тиіспіз», — деді В. Божко.

«Астананың 10 жылдық мерейтын тойлаған кезде осындай оқиғаның қайталануына жол бермеуге тиіспіз», — деді ол.

«Алюкобондпен қапталған ғимараттардың өң бетінде шыққан өрттерді сөндіру тактикасын зерттеп, барлық өрт сөніруші топтардың назарына жеткізуді тапсырамын. Осындай өрттердің сөндіру тактикасын мұқият дәйектеп, пысықтаңыздар, артынан ондай өрт ошағына қалай жетеміз деп сұрайтын жайт болмасын», -деді министр Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментінің төрағасы Берік Құтпановқа қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті