Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті нығайтудың басты әдестемелерін белгілеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті нығайтудың басты әдестемелерін белгілеп берді

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті нығайтудың басты әдестемелерін белгілеп берді

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметті нығайтудың басты әдестемелерін белгілеп берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

Н. Назарбаевтың айтуынша, «мемлекеттік қызметтің өзінің мәртебесін нығайтып, мемлекеттің кадр саясатын Қазақстанның айрықша маңызды ұлттық басымдықтарының қатарына қосу керек».

Президент » мемлекеттік қызметтің принциптерін қайта қарау керектігін, оның негізінде адалдық пен тиімділік, осы принциептердің қуатты саяси жігермен ұштасуы, мұқият жоспарлау, тауқыметтерді алдын ала тап басып білу қабілеті, адамдарға қатысты кішіпейілділік пен елгезектік болуы керектігін» айтты. «Жіті іріктеу мен қызметкерлерді дайындау еліміздің мемлекеттік қызметін тазарту мен тиімділігін көтерудің басты факторларына айналуға тиіс»,- деді ол.

Президенттің атап көрсеткеніндей, «мемлекеттік қызметтің қазіргі бар моделін құрылымдық өзгерту қажеттігі туындады». «Саяси, әкімшілік және мемлекеттік қызметтің ара жігін белгілеуге терең әрі айқындықпен қарау керек», — деді ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, «бүгінгі екі деңгейлі модель еліміздің қазіргі даму кезеңіне лайық талаптарға толық сай келмей қалды».

«Саяси қызметкерлер идеолог әрі практик, партияның бағдарламасын белсенді ілгерілетуші болуға тиіс. Сол себепті халықтың алдында өзі үшін жауап беретін адамдарды іріктеуге асқан мұқияттықпен қарауы қажет», -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті