Президент мемлекеттің кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мен мемлекеттік қызметтегі мамандарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент мемлекеттің кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мен мемлекеттік қызметтегі мамандарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құруды ұсынады

Президент мемлекеттің кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мен мемлекеттік қызметтегі мамандарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құруды ұсынады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мен мемлекеттік қызметтегі мамандарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құруды ұсынады. Мемлекет басшысы бүгін "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 1145
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттің кадр саясатының мәртебесін нығайту үшін тиісті ұлттық комиссия құрылады. Мүмкін, бастапқыда оны мен басқаратын шығармын», — деді Н. Назарбаев.

Президенттің нақтылауынша, комиссия «жаңа кадр саясатының басты ережелерін жасау мен бақылау, жоғары буындағы қызметкерлерді өсіру мен тағайындауға жауап береді».

«Үміткерлерді іріктеу сапасын көтеру тұрғысынан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің және мемлекеттік органдардың кадр іріктеу қызметтерінің ролін арттыру керек», — деді ол.

Мемлекет басшысының атап көрсетуінше, «мейлінше дарынды әрі дайындық деңгейі жоғары үміткерлерді дайындаудың жаңа жүйесін енгізу, рекрутинг және кәсіби өсу жүйелерін енгізу үшін агенттіктің жанында мемлекеттік қызметтегі мамандарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құру қажет».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті