Астананың өрт сөндіру қызметі департаментінің гарнизоны 28 маусымнан бастап күшейтілген қызмет тәртібіне көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың өрт сөндіру қызметі департаментінің гарнизоны 28 маусымнан бастап күшейтілген қызмет тәртібіне көшіріледі

Астананың өрт сөндіру қызметі департаментінің гарнизоны 28 маусымнан бастап күшейтілген қызмет тәртібіне көшіріледі

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астананың өрт сөндіру қызметі департаментінің гарнизоны 28 маусымнан бастап Елорданың 10-жылдығын тойлауға байланысты күшейтілген қызмет тәртібіне көшіріледі. Бұл туралы бүгін Астананың 10-жылдығына байланысты мерекелік шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған Төтенше жағдайлар министрлігіндегі кеңейтілген отырыс барысында Астана қалалық өрт сөндіру қызметі департаментінің бастығы Берік Құтпанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Бөлімшелердің жоғарғы деңгейдегі әскери дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мерекелік шаралар уақытында 28 маусымнан 8 шілдеге дейін Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің гарнизонының жеке құрамы екі ауысымдағы жұмыс режимімен күшейтілген қызмет түріне көшіріледі», — деді Б. Құтпанов.

«Астанада маусым-шілде айларында орта есеппен отыздай өрт болады», — деп хабарлады ол.

Өрт сөндіру қызметі департаментінің бастығының мәліметтеріне сүйенсек, Елорданың өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз ету үшін онжылдықты тойлау кезінде өрт сөндіру қызметінің 1083 қызметкері, «Қазавиақұтқару» РМК тікұшағы мен 49 негізгі және арнайы техника жұмылдырылады. Б. Құтпанов тікұшақтың Астана төңірегінің ашық аумағында болуы мүмкін өрттерді сөндіру мақсатымен тәулік бойы кезекшілік атқару үшін жұмыс жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті