«Бірінші қажеттіліктегі, әсіресе, азық-түлік тауарларының бағасы қатты көтеріледі деген секілді әртүрлі қаңқу сөздер жүр. Астананың 10-жылдығын тойлай салысымен баға аспандап кетеді деген сияқты сөздер айтылуда. Бұл ешбір дәлелсіз, жалған сөздер. Бұған ешкім де сенбеуі керек», — деп мәлімдеді ол. «Ешқандай күтпеген оқиғалар, азық-түлік жетіспеушілігі бізде болмайды. Мен мұны ресми түрде барлығына мәлімдеймін», — деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті