Мемлекет басшысы алданған үлескерлердің проблемасын шешу жөніндегі шараларды қабылдауды үкіметке тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы алданған үлескерлердің проблемасын шешу жөніндегі шараларды қабылдауды үкіметке тапсырды

Мемлекет басшысы алданған үлескерлердің проблемасын шешу жөніндегі шараларды қабылдауды үкіметке тапсырды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алданған үлескерлердің проблемасын шешу жөніндегі шараларды қабылдауды үкіметке тапсырды. Президент мұндай тапсырманы кеше үкімет мүшелерімен өткен және бірқатар өзекті экономикалық мәселелер талқыланған жиналыс қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 18 Маусым 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Мен үкіметке шаралар қабылдауды тапсырдым. Мемлекет үлескерлерді алдаған адамдарды тергеуді бастайды. Құқық қорғау органдары тез арада бұл іспен айналысулары керек», — деп атап көрсетті ол.

Н. Назарбаев қазіргі уақытта үлескерлер проблемасы Астана мен Алматы қалаларында байқалып отырғанын атап өтті. «Алматыға арнайы тапсырмамен премьер-министр барып қайтты. Жай-жапсарын зерттеді. Жаңа әкім Ахметжан Есімовтың әрбір нысан, әрбір үй бойынша тыңғылықты айналысқанын айта кетуім керек. Және, әрине, қала бюджет қаражатының көмегімен осы мәселені шешу үстінде», — деді ол. Президент атап көрсеткендей, Астанада мұндай проблемалы құрылыстар саны — 18. Оның 4 558 үлескері зардап шегіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті