Парламент заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Маусым 2008
  • 416
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты шағын және ірі кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу процедураларын жеңілдету арқылы республикада жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға саяды.

Қазір заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі тек қана шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні деп белгіленген.

Заң жобасымен ең төменгі тіркеу мерзімін өз іс-қызметін типтік жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған орта және ірі кәсіпкерлік субьектілері үшін де белгілеу жөнінде өзгеріс енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті