«Жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын декларацияда көрсету мен салық салу жүйесін құруға мүмкіндік беретін қадам сайынғы шаралар кешенін жасау ұсынылып отыр», — делінген құжатта.
«Ауқымды мәліметтер базасын басқаруға қабілетті жүйені құрудың күрделілігі, сондай-ақ, жабдықтарды жаңалау, салық органы мамандарын оқыту мен халықтың салық мәдениетін көтеруді қамтитын кешенді мақсарттарды ескере отырып, жаппай салық декларациясын енгізудің екінші кезеңін 2015 жылдан бастауға болады», — делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті