Тәжікстан президенті елдегі электр қуатын тұтынуды шектеуді 1 қыркүйектен бастап енгізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті елдегі электр қуатын тұтынуды шектеуді 1 қыркүйектен бастап енгізуді ұсынады

Тәжікстан президенті елдегі электр қуатын тұтынуды шектеуді 1 қыркүйектен бастап енгізуді ұсынады

Душанбе. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон сейсенбі күні республиканың энергетика өнеркәсібі өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде саланың биылғы жылдың алғашқы 5 айындағы жұмысын қатаң сынға ала отырып елдегі электр қуатын тұтынуды шектеуді қыста емес, күзде - 1 қыркүйектен бастап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Маусым 2008
  • 328
Фото - Caravan.kz

Э. Рахмон республиканың электр желілеріндегі энергия шығыны 2 млрд 900 млн кВт/сағатты құрайтынын атап көрсетті. Бұл елдегі өндірілетін электрдің жалпы көлемінің 29 пайызын құрайды. «Егер электр қуатын бұлайша жоғалту ең төменгі деңгейге дейін қысқартылатын болса, онда шетелден экспорттаудың да қажеті бола қоймас», — деді Э. Рахмон.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті