Түркіменстан 2009 жылы Ресейге газ жеткізу талаптары жайлы мәселені "Газпром" компаниясымен талқылады
Алматы. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстанның табиғи газын 2009 жылы Ресей Федерациясына жеткізу талаптары 17 маусымда өткен Түркіменстан-Ресей келіссөздерінің басты тақырыбына айналды. Келіссөздерге қатысу үшін Ашхабадқа Ресейдің "Газпром" ААҚ басқарма төрағасының орынбасары Валерий Голубевтің жетекшілік етуімен делегация келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Туркмен довлет хабарлары" (ТДХ) мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.