«Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салаларда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастық та екі ел арасындағы байланысты кеңейтуге үлес қосатынын атап көрсетті», -деп хабарлайды әкімшілік.
Сондай-ақ, Қ. Тоқаевтың осы жолғы Әзербайжанға сапары Әзербайжан-Қазақстан қарым-қатынасын нығайтуға қызмет ететіндігіне сенімділік айтылды.
Айта кету керек, Қазақстан парламенті сенатының спикері Бакуге Әзербайжан парламенті — милли меджилистің 90 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін келген, бұл салтанат бүгін өтеді. Шараға 200 жуық шетелдік қонақтар, соның ішінде түрлі елдер парламенттерінің жетекшілері қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті