«Мемлекет басшысының қаытсуымен өткен кеңесте шешім қабылданды. Біз енді проблемалы құрылыс нысандарын қайта құрылымдаймыз», -деді вице-премьер.
«Астанада мұндай 23 нысан бар, бұл нысандарға 5 мыңға жуық үлескер қаржы салған», — деді ол.
«23 нысанның бесеуін жеке меншік инвесторлар өз мойындарына жүктеп алып, құрылысты өз бетімен аяқтайды, ал қалған 18 нысанның үлескерлері 10 үйге көшіріледі. Сөйтіп, әзірге 8 нысан аяқталмай қалады да, 10 үй бюджет қаржысы есебінен салынады. Оған 17 млрд теңге қажет», — деді Ө. Шүкеев.
«Мемлекет басшысы осындай саяси тапсырма берді, 5 мың үлескерді құтқару үшін біз осыған баруымыз керек», -деді вице-премьер.
Ол сонымен бірге «берілген ақша- тарту емес екенін, оны қайтару керек екенін» атап өтті. «Әкімдік арнайы мемлекеттік компания құрады, ол бөлінген ақшаның қамтамасыздығына деп қиындықта қалған құрылыс компанияларының барлық мүлкін тәркілеп, әріқарай оларды қайтарумен айналысады», — деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, аталған механизм Алматыдағы үлескерлердің проблемасын шешу үшін де қолданылады, онда 9 проблемалы нысан бар. «Бірақ онда үйлердің басым бөлігі жергілікті бюджеттің есебінен салынып бітеді», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті