«Біз қазіргі уақытта жасалып қойған және жақында парламентке енгізілетін маңызды құжатты дайындаудамыз. Бұл «Бәсекелестік туралы» заң», — деді ол. Ө. Шүкеев бұл заң жобасының елдегі бәсекелестікті шын мәнінде қорғауды қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған концептуалдық ережелерді қарастыратынын атап өтті. «Ол мемлекет тарапынан болсын қандай да бір бәсекелестікті шектейтін іс-әрекеттерге кедергі келтіреді», — деп атап көрсетті ол.
«За жобасында бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер нақты аталған және монополиялық жоғары немесе монопониялық төмен бағаларды орнатуға тыйым салу қарастырылған», — деп сөзін түйіндеді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті