Ақмола облысының Щучинск ауданының әкімі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының Щучинск ауданының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының Щучинск ауданының әкімі тағайындалды

Көкшетау. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау бүгін Щучинск ауданының әкімін тағайындады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Маусым 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «аудан әкімінің қызметіне Тасболат Қасенов тағайындалды». «1999 жылдан бүгінге дейін ол Ақмола облыстық көші-қон комитеті басқармасының бастығы болған», -деп хабарлайды мекеме.

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Болат Ақановты Ақмола облыстық ҰҚКД қызметкерлері 24 мамырда пара алған сәтте құрықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті