«Орден ядролық қарусыздану ісіне қосқан ерекше үлесі, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, толеранттық пен ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі жаһандық бастамалары үшін берілді», — деп толықтырды баспасөз хатшысы.
Өз кезегінде Н. Назарбаев император Акихитоға Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік наградасы «Алтын қыран» орденін табыстады», — деп хабарлады Е. Байжанов. «Бұл награда екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан үлесі үшін тағайындалды», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті