«Қазір біз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын тең қыржыландыру жөнінде Әлемдік банкпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Автокөлік жолының басым бөлігі Қызылорда облысы арқылы өтеді. Келіссөздер аяқталуға жақын», -деді Кәрім Мәсімов.
Ол «автокөлік жолы өңірді дамытуға, жұмыс орындарын құруға, демек, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға мүмкіндік береді», деді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Әлемдік банктің президенті Роберт Зеллик, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвеймен бірге жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті