ТЖМ мәліметінше, 19 маусымда сағат 02.00-де Алматы облысының Талдықорған қаласында «БМВ» және «Ниссан-Премьера» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан «Ниссан-Премьера» көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «БМВ» жүргізушісі мен оның бес жолаушысы, сондай-ақ, «Ниссан-Премьераның» жүргізушісі мен оның бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, 19 маусымда 15 сағат 40 минутта Қызылордада Талсуат елдімекенінің жанындағы жолда «Фольксваген-Вента» және «Фольксваген-Пассат» көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Фольксваген-Вента» жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті