"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасының екінші фазасы 2009 жылы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасының екінші фазасы 2009 жылы басталады

"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасының екінші фазасы 2009 жылы басталады

Қызылорда. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасының екінші фазасы 2009 жылы басталады. Бұл туралы кеше Қызылорда облысындағы Көкарал бөгенінде болғаннан кейін өткен брифингте республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Маусым 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үкіметі мен Әлемдік бан арасындағы келісімге сәйкес, процедуралар толық аяқталғаннан кейін, яғни, келесі жылы жобаның екінші фазасы басталады. Бұл жобаны жүзеге асыру қаржысының 15%-ы республикалық бюджеттен және 85% Әлемдік банк тарапынан шығарылады»,- деді Кәрім Мәсімов.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің нақтылауынша, жалпы бұл фазаны жүзеге асыруға $250 — $300 млн қарастырылған.

Жобаның бірінші фазасын жүзеге асыруда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін су ресурстары комитеті былтыр екінші фазаның техника-экономикалық негіздемесін жасауға кіріскен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жобаның екінші фазасында теңіздегі су деңгейін Балтық жүйесі бойынша теңіз суын Арал қаласына жеткізе отырып, 46 метрге дейін көтеру, қорғаныс бөгеттерді одан әрі сала беру көзделген. Жалпы жобаның құны $80 млн құрайды, оның $64 млн Әлемдік банктің несиесі болса, қалған бөлігін Қазақстан үкіметі шығаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті