Оңтүстік Қазақстан облысында Кентаудың криминалдық полициясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасары сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Кентаудың криминалдық полициясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасары сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кентаудың криминалдық полициясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасары сотталды

Шымкент. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қалалық соты Кентаудың криминалдық полициясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасарына үкім шығарды. Бұл туралы қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Маусым 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Айыпкерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының «а» және «б» тармақшаларында қарастырылған (бір топ тұлғаның алдын ала ымыраласу арқылы бопсалау жолымен пара алуы) қылмысты жасаған айыпты деп танылды. Криминалдық полицияның бұрынғы басшысы подполковник Е. Өтеев жеті жылға бас бостандығынан айрылса, оның орынбасары Б. Абдуллаев -сегіз жылға бас бостандығынан айрылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, олар осы жылдың қаңтар айының басында Кентаудың тұрғынының үстінен көршісінің оның бұзақылық туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғамау үшін 150 мың теңге бопсалағаны үшін ұсталған. Полиция офицерлері 50 мың теңге алып жатқан сәтте қолға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті