Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті

Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Маусым 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда сағат 18.00-де Алматы облысының Бастөбе ауылында Қаратал өзеніне 5 жасар бала батып кетті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, Қарағандыда 21 маусымда 21 сағат 45 минутта Федоровское су қоймасына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері суға батып кетті; Қарағанды облысының Сатпаев қаласында 22 маусымда 15 сағат 55 минутта Айнакөл көліне 24 жастағы жігіт батып кетті; Солтүстік Қазақстан облысында (Нагорное ауылынан 2 шақырым жерде) 21 маусымда сағат 14.00 -де 16 жасар бала қазаншұңқырға батып кетті; Петропавловск қаласында «Карьерный» қазаншұңқырына 22 маусымда 8 жасар қыз батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті