Атырау облысында қатты дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында қатты дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып әкетті

Атырау облысында қатты дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып әкетті

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында қатты дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып әкетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Маусым 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 21 маусымда 17 сағат 20 минутта Атырау облысының Ганюшкино ауылында қатты боран мен найзағай қосылған нөсер жауды. Соның салдарынан №3 кәсіптік-техникалық лицейдің 2 қабатты ғимаратының шатыры мен «Башмакова» ЖК жөндеу шеберханасының шатыры толық жұлынды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, найзағай түсу салдарынан жай үйдің шатыры жанды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті