Қазақстан ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет білдірген Жапония компанияларына қолдау көрсетуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет білдірген Жапония компанияларына қолдау көрсетуге дайын

Қазақстан ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет білдірген Жапония компанияларына қолдау көрсетуге дайын

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет білдірген Жапония компанияларына қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы жұма күні Жапония премьер-министрі Ясуо Фукудамен өткен келіссөздер барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Маусым 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына келуге және ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет еткен жапондық компанияларға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді», — деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.

Біздің еліміз Жапониямен жоғары технология саласында және Қазақстан экономикасына жапон инвестициясын әкелу тұрғысында аса мүдделі. Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына келуге және ғылыға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет ететін жапондық компанияларға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

«Жапония кәсіпкерлері қайта өңдеу кешені, машина жасау, энергетика, көлік және коммуникация инфрақұрылымы, құрылыс салаларындағы жобаларға қатыса алады», — деді президент.

Бұл орайда мысал ретінде Н.Ә.Назарбаев «Қазақатомөнеркәсібі» мен «Тошиба» компаниясының ынтымақтастығын оңды үлгі ретінде атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті