Қазақстан президенті мен Жапония премьері екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мен Жапония премьері екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады

Қазақстан президенті мен Жапония премьері екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жұма күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Ясуо Фукуда кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Маусым 2008
  • 585
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының даму перспективасы талқыланды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Ясуо Фукуда екі елдің көптеген халықаралық өзекті мәселелер тұрғысындағы ұстанымдары сәйкес келетіндігін хабарлады, деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

«Мемлекет басшысы келіссөздердің қорытындысын жоғары бағалады. Олардың саясат пен экономика, технология мен мәдени-гуманитарлық салаларда екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны мәлім», — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Журналистерге берген брифингте Н. Назарбаев «Қазақстан-Жапония стратегиялық ынтымақтастығының жандана түсуі уақыт талабы», — деп ата көрсетті.

Бірлескен мәлімдемеде Қазақстан президенті мен Жапония премьер-министрі саяси диалогты табысты дамытуға деген берік ниеттерін білдірді, деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті