Павлодарда пәтер алаяқтығына қатыстары бар 32 адамды сотқа тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда пәтер алаяқтығына қатыстары бар 32 адамды сотқа тартып жатыр

Павлодарда пәтер алаяқтығына қатыстары бар 32 адамды сотқа тартып жатыр

Павлодар. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда пәтер алаяқтығына қатыстары бар 32 адамды сотқа тартып жатыр. Олардың қатарында Жылжымайтын мүлік орталықтары мен нотариустардың қызметкерлері бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 460
Фото - Caravan.kz

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, жұма күні Павлодар қаласының №2 сотында жылжымайтын мүлікке қатысты жасалған ірі алаяқтық ісі бойынша тыңдау басталған.

«Сотқа тартылғандар қатарында қатарынан 32 адам жайғасқан. Олардың қатарында Жылжымайтын мүлік орталықтары мен нотариустардың бұрынғы қызметкерлері, олардың көмекшілері және басқа да тұлғалар бар. Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, ұйымдасқан аталмыш қылмыстық топ үш жыл қатарынан азаматтардың тұрғын үйлерін заңсыз алумен және оны өз адамдарына қайта рәсімдеумен айналысқан. Осы уақыт ішінде өз пәтерінен 19 павлодарлық айырылған», — деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Тергеу ұйымдасқан қылмыстық топты облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны басқарғанын анықтады. Қылмыстық топ 2007 жылы анықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті