Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер ісіктің топометриясын айқындау және гамма-стимуляциялық заманауи аппарат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер ісіктің топометриясын айқындау және гамма-стимуляциялық заманауи аппарат алды

Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер ісіктің топометриясын айқындау және гамма-стимуляциялық заманауи аппарат алды

Шымкент. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер қатерлі ісіктің топометриясын айқындау және гамма-сәуленіңғ траекториясын бағытаудың заманауи аппаратын алды. Бұл туралы облыстық онкодиспансердің бас дәрігері Оңласбек Құлакеев тұсаукесер рәсімінде журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Бұл аппарат емдеуге емес, нақты топометрияны айқындауға бағытталған. Бұл ісіктің нақты шекарасын айқындау, оның тереңдігін білу, сәулені сол маңдағы тканьдарға зақым келтірмей қай жағынан бағыттау керектігін айқындауға жәрдемдеседі», — деді О. Құлакеев.

Құны 130 млн теңге тұратын аппарат республикалық бюджет есебінен алынған.

Облыстық онкодиспансердің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан астам онкологиялық науқас бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті