Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды

Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Жақында Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов үкіметке Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспарының тұсаукесерін өткізді»,- деді ол.

«Бұл стратегияны орындауға біз екі жыл бұрын кірістік. Оны орындау үшін алға ең басты төрт міндет қойдық»,- деді Б.Қожахметов.

«Барлық қызметтердің, бөліністердің функцияларын, олардың штат санын, қызметкерлерлің жүктемесін, аппараттың ұйымдастыру-штаттық құрылымын талдай отырып, ІІМ өз алдына мынадай міндеттерді орындауға алға қойды: функциялардың қайталанып келуін жою; басқару звеноларын қысқарту; штат санын оңтайландыру (69095 штат қызметкері); аппаратты ұстауға арналған шығындарды үнемдеу».

«Бұл өзгерістер орталық аппараттың санын 1115-тен 653-ке, вице-министрлер санын 6-дан 3-ке, департамент санын 17-ден 12-ге дейін, барлық 9 дербес басқармаларды қысқартуға мүмкіндік берді. Министрлік және оның комитеттері туралы жаңа ережелер бекітіліп, барлық функциялар шектелді. Министрлікке стратегиялық, реттеу функциялары, комитеттерге- бақылау және іске асыру функциялары берілді. Басқарудың жүйесінің 9 сатысынан 6 сатысына көшуге ұйғарылып отыр».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті